Ұшаққа зақым келген
Пхукеттен Нью-Делиге бағыт алған үндістандық Air India әуе компаниясының ұшағы қатты турбуленттілікке тап болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға салдарынан 17 адам түрлі жарақат алды, олардың ішінде 13 жолаушы мен экипаждың 4 мүшесі бар.
Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жеткізілді, бес жолаушы қазірдің өзінде ауруханадан шығарылды.
Әуе компаниясы оқиғадан кейін ұшақтың ұшуын әрі қарай жалғастырып, Дели әуежайына аман-есен қонғанын хабарлады. Жолаушылар мен экипаж мүшелері борттан өздігінен түсті.