Күндегі белсенділік күшейді: ғалымдар магниттік дауылдар болуы мүмкін екенін ескертті

Автор: Алмас Ерсін

30 маусымда Жерде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл болуы ықтимал

Фото: © istockphoto.com

Күн астрономиясы зертханасының мамандары 28 маусым күні Күн бетінде 2026 жыл басталғалы бері ең ірі күн дақтары тобы тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның аумағы 1190 шартты бірлікке жетіп, биылғы алдыңғы рекордтан асып түскен.

Зертхана мәліметінше, бұған дейінгі ең ірі белсенді аймақ ақпан айында байқалған. Оның көлемі шамамен 1100 бірлік болған. Дәл сол аймақ сол кезде Х8.1 санатындағы қуатты күн жарқылына себеп болып, соңғы жылдардағы ең белсенді аймақтардың бірі ретінде тіркелген.

Жаңа белсенді аймаққа 4478 нөмірі берілді. Әзірге ол салыстырмалы түрде тыныш. Ғалымдардың айтуынша, оның ішінде белсенді процестер жүріп, энергия жиналып жатыр. Дегенмен қазірше күшті жарқыл белгілері байқалмайды.

Кей кездері бұл аймақтан ғарыш кеңістігіне шағын плазма бұлттары тарайды. Астрономдардың мәліметінше, сондай екі выброс 2026 жылғы 30 маусым мен 1 шілдеде Жерге жетуі мүмкін.

Болжам бойынша, 30 маусым күні таңертеңнен түске дейін магниттік ауытқулар байқалуы ықтимал. Олар G1 деңгейіндегі магниттік дауылға дейін күшеюі мүмкін. Ал кешке қарай магнитосфера тынышталады деп күтіледі.