Елде екі апта бойы тексеріс жүргізілген
Түркияның 42 елді мекенінде жүргізілген арнайы операция нәтижесінде FETÖ террорлық ұйымымен байланысы бар деген күдікпен 237 адам ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Day.Az басылымына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жедел-іздестіру шаралары екі апта бойы үздіксіз жүргізілген. Ведомство таратқан ақпарат бойынша, ұсталғандардың ішінде 128 күдікті сот шешімімен қамауға алынды, тағы 61 адамға қатысты сот бақылауы түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалған.
Айта кетсек, Түркия билігі FETÖ қозғалысын 2016 жылы 15 шілдеде мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыптаған. FETÖ Түркияда, Пәкістанда және Парсы шығанағының бірқатар елінде террористік ұйым деп танылған.
Ұйымның негізін қалаушы әрі жетекшісі Фетхуллах Гюлен 2024 жылдың 20 қазанында АҚШ-тағы ауруханалардың бірінде көз жұмған болатын.