Түркияда тойдағы дәстүрлі оқ ату салдарынан 11 адам жарақат алды

Автор: Алмас Ерсін
Фото: © istockphoto.com

Түркияның Денизли провинциясында өткен той кезінде дәстүрлі түрде мылтық ату салдарынан 11 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Milliyet басылымына сілтеме жасап.

Түркиялық БАҚ-тың мәліметінше, оқиға Чивриль ауданына қарасты Кыралан елді мекенінде болған. Алдын ала дерек бойынша, 15 жастағы жасөспірім қалыңдықты үйден шығарып салу кезінде мерекелік мақсатта аспанға қарай оқ атпақ болған. Алайда бытыра жерге тиіп кері серпіліп, той қонақтарына тиген.

Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі қосымша тексеру мен ем алу үшін кейін Денизли қаласындағы медициналық мекемелерге ауыстырылған. Дәрігерлердің айтуынша, олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиғадан кейін жасөспірім түсініктеме беру үшін полиция бөліміне жеткізілді. Құқық қорғау органдары тергеуді бастады, сондай-ақ әкімшілік тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, тойларда, әскерге шақырылғандарды шығарып салу рәсімдерінде және басқа да мерекелік шараларда аспанға оқ ату дәстүрі Түркияның кейбір өңірлерінде әлі күнге дейін сақталған. Биліктің тұрақты ескертулеріне қарамастан, мұндай жағдайлар жыл сайын адамдардың жарақат алуына және қаза болуына себеп болып келеді.