16.06.2026, 01:34
Әлем

Трамп: Иран ядролық қарудан бас тартуға келісті

АҚШ президентінің айтуынша, Тегеран ядролық қаруға ие болмау жөніндегі ұстанымын растаған

Трамп: Иран ядролық қарудан бас тартуға келісті
Фото: @realdonaldtrump

Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауға келісті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасында соғысты тоқтату жөнінде қол қойылған меморандумға қатысты пікір білдіре отырып мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Трамптың айтуынша, келісім аясында АҚШ Иранға 300 миллиард доллар төлейді деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Иран ешқашан ядролық қаруға ие болмауға келісті. Сонымен қатар АҚШ Иранға 300 миллиард доллар төлейді деген ақпарат – жалған жаңалық», – деп жазды АҚШ президенті.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қол қойылған меморандумның шекті келісім емес, жалпы сипаттағы құжат екенін нақтылады.

Оның айтуынша, құжатта болашақ келісімнің тек негізгі қағидаттары ғана айқындалған. Ал нақты шарттар техникалық келіссөздер барысында келісілетін болады.