15.06.2026, 01:23
Әлем
Рио-де-Жанейрода екі тікұшақ соқтығысып, алты адам қаза тапты
Оқиға Рио-де-Жанейро маңында болған. Апаттың себептерін анықтау үшін тергеу басталды
Фото: © istockphoto.com
Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында екі тікұшақтың әуеде соқтығысуы салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy бразилиялық G1 телеарнасына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 14 маусым күні таңертең қаланың батысындағы Рекрейо-дус-Бандейрантес ауданында болған.
Куәгерлердің айтуынша, тікұшақтар әуеде соқтығысып, содан кейін екі әуе кемесі де жерге құлаған.
«Бортта болғандардың ешқайсысы аман қалған жоқ», – деді Рио-де-Жанейро өрт сөндіру қызметінің өкілі майор Фабио Контрерас.
Қаза тапқандардың жеке басы әзірге жарияланған жоқ. Әуе апатының мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
01.11.2026, 06:38
Вакцинасы жоқ қауіпті вирус: Конгода әлемді алаңдатқан індеттен 5 мыңнан астам адам қайтыс болды
01.11.2026, 07:19
Қазақстанда 1 қарашаға дауылды ескерту жарияланды: үсік, қар және қатты жел күтіледі
01.11.2026, 11:05
Көлігіне бейәдеп сөз жазған Астана тұрғыны 10 тәулікке қамауға алынды
01.11.2026, 08:29
Астанада мектептегі жиналыстан кейін мұғалім ауруханаға түсті
01.11.2026, 10:02
Мемлекет басшысы Алжир президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды