Бір әйел қатты жараланған
Сидней (Аустралия) жағажайларының бірінде акула жүзіп жүрген әйелге шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мир24-ке сілтеме жасайт отырып.
Жергілікті полицияның мәліметінше, әйелдің жасы шамамен отызда. Оны жақында жүрген адамдар құтқарып, судан алып шыққан.
Кейін оқиға орнына келген дәрігерлер жарақаттың өте ауыр екенін мәлімдеді.
Оқиғадан кейін Куджи жағажайы мен Рэндвик ауданындағы оған іргелес аумақтар 24 сағатқа жабылғаны белгілі болып отыр.