Ақпанда қайтыс болған Иранның жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи шілдеде жерленетін болды

Автор: Бақыт Шынар

Алдын ала болжам бойынша, қоштасу рәсімі 4 шілде күні басталып, бес күнге жалғаспақ

Фото: Khamenei in Tehran, Iran, February 9, 2026. Office of the Iranian Supreme Leader/WANA/Handout via REUTERS

Биыл 28 ақпанда, Израиль мен АҚШ арасындағы қақтығыстың алғашқы күні қаза тапқан Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи арада төрт ай өткеннен кейін жерленетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy SNN-ге сілтеме жасай отырып.

Дереккөзге сүйенсек, Иранның бұрынғы Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеимен қоштасу және оны жерлеу рәсімі 4-9 шілде аралығында өтеді.

«Қоштасу рәсімдері 4 шілдеде Тегерандағы Хомейни атындағы орталық мешітте басталады. Келесі күндері Тегеран, Құм және Мешхед қалаларында қаралы шерулер өтеді. 9 шілдеде Мешхедтегі шеруден кейін мәйіт Имам Реза кесенесіне жерленеді», - деп хабарлап отыр дереккөз. 

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи 28 ақпанда, соғыстың алғашқы күнінде, Израиль мен АҚШ ел аумағына соққы берген кезде қаза тапқан еді. 1 наурызда Иран саясаткердің қаза болғанын ресми түрде растады.