БҰҰ: әлемде 35,6 миллион адам босқын мәртебесін алған
Соңғы он жыл ішінде өз елінен басқа елге кеткендердің саны 5,4 миллион адамға азайған
Бүкіл әлемде 118 миллион адам қуғын-сүргін, қақтығыс, зорлық-зомбылық пен адам құқықтарының бұзылуына байланысты өз елінен тастап кетуге мәжбүр болғандар. Бұл туралы БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының (UNHCR) баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy DW сілтеме жасай отырып.
2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, Жер шарының әрбір 70-ші тұрғыны өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған. Дегенмен, соңғы онжылдықта қоныс аударғандар саны алғаш рет 5,4 миллион адамға азайғаны да айтылып отыр.
Жалпы, баяндамаға сүйенсек, әлем бойынша 35,6 миллион адам босқын деп танылса, 68,7 миллион адам өз елінің ішінде көшкен.
Бұл статистикаға 2026 жылдың алғашқы айларындағы көші-қон кірген жоқ.