Билік жағалау маңындағы тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылданды
Филиппин жағалауында болған қуатты жер сілкінісінен кейін туындаған цунами қаупіне байланысты Жапония билігі шамамен 181 мың адамды эвакуациялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жапонияның Төтенше жағдайлар кезінде құтқару қызметінің функцияларын атқаратын Жалпыұлттық істер министрлігінің Өртке қарсы басқармасының мәліметінше, эвакуациялық шаралар елдің алты префектурасында енгізілген.
Қауіпті аймақтардан кету туралы нұсқама Ибараки, Миэ, Коти, Миядзаки, Кагосима және Окинава префектураларының тұрғындарына берілді.
Жапонияның оңтүстік-шығыс бөлігінде цунами қаупі туралы ескерту әлі де күшінде қалып отыр. Мамандардың болжамынша, жағалау маңындағы толқындардың биіктігі бір метрге дейін жетуі мүмкін.
Сондай-ақ табиғи апаттың ықтимал салдары елдің Тынық мұхиты жағалауының едәуір бөлігін қамтуы мүмкін. Атап айтқанда, оңтүстік өңірлерден бастап Токио маңында орналасқан Тиба префектурасына дейінгі аумаққа әсер ету қаупі бар.
Еске салайық, бұған дейін Филиппиннің оңтүстігінде күшті жер сілкінісі болған еді. Осыдан кейін өңірдегі бірқатар мемлекеттердің билігі цунами қаупіне байланысты сақтық шараларын қабылдай бастады.