06.06.2026, 06:23
Әлем
Жер бетінде магниттік дауыл жалғасып жатыр
Магниттік дауыл метеосезімтал адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін
Фото: istockphoto.com
6 маусым күні таңертең Жерде G2 деңгейіндегі магниттік дауыл тіркеліп отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институты зертханасының мәліметінше, түске қарай оның күші біртіндеп әлсірей бастайды. Ал кешке қарай геомагниттік жағдай тұрақталады деп күтілуде.
Мамандардың айтуынша, G3 санатындағы күшті әрі ұзаққа созылған магниттік дауыл 4–5 маусым күндері басталған. Бұған Күндегі қуатты жарқылдардан кейін Жерге қарай бағытталған бірнеше плазмалық бұлттың жетуі себеп болған.
Ғалымдардың болжамынша, Күнде жаңа қуатты лақтырыстар тіркелмесе, 7 маусымға қарай геомагниттік жағдай толықтай тынышталады.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 12:13
V Азия Пара ойындары аяқталды: ұлттық құрама 50 медаль еншіледі
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды