02.06.2026, 08:31
Әлем

Сауд Арабиясы жанкүйерлерге ӘЧ-2026 билеттерін тегін тарата бастады

Орындар бос қалады деп қауіптенген ұйымдастырушылар осындай қадамға барды

Сауд Арабиясы жанкүйерлерге ӘЧ-2026 билеттерін тегін тарата бастады
Фото: istockphoto.com/Derek Brumby

Сауд Арабиясы футбол федерациясы өз жанкүйерлеріне 2026 жылғы әлем чемпионаты матчтарының билеттерін тегін тарата бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Sun басылымына сілтеме жасап.

The Sun басылымының мәліметінше, мұндай шешімге ФИФА-ның әлем чемпионаты матчтарына көрермен аз келуі мүмкін деген алаңдаушылығы себеп болған. Осыған ұқсас тәсіл 2025 жылы АҚШ-та өткен клубтар арасындағы әлем чемпионатында да қолданылғаны айтылды.

Басылым мәліметінше, турнир кезінде Сауд Арабиясы құрамасына қолдау көрсетуге келген әрбір жанкүйер тегін билет алады. Дереккөз бұл шешім 48 құрама қатысатын турнирден экономикалық пайда болады деген уәделер орындалмады деп, АҚШ штаттарының ФИФА-ға қарсы түсірген сот талаптары аясында қабылданғанын жазды.

Сондай-ақ басылым Сауд Арабиясы құрамасының матчтарына билеттердің бағасы әлі де 3 мың долларға дейін сатылып жатқанын атап өтті. Соған қарамастан стадиондарда мыңдаған орын бос қалып отыр.