АҚШ-та тірі адамның бейнесін ұлттық валютаға орналастыруға заңмен тыйым салынған
АҚШ-та Дональд Трамптың портреті бейнеленген 250 долларлық жаңа банкнота шығару ұсынылды. Қаржы министрлігі мұндай купюраны айналымға енгізуге дайындық басталғанын растады, деп хабарлайды деп хабарлайды Azattyq Rýhy The Associated Press-ке сілтеме жасап.
Бастаманы республикашыл Джо Уилсон ұсынған. Заң жобасына сәйкес, АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай жаңа банкнота шығарылып, оған Трамптың бейнесін орналастыру көзделіп отыр.
Қазіргі америкалық заңнамада ұлттық валютаға тірі адамның портретін басуға тыйым салынған. Сондықтан бұл бастаманы жүзеге асыру үшін Конгресс қазіргі және бұрынғы президенттерге қатысты арнайы ерекшелік енгізуі керек болады.
АҚШ Қаржы министрлігі Гравюра және баспа бюросы заң қабылданған жағдайда қажетті жоспарлау жұмыстарын бастап кеткенін мәлімдеді.
АҚШ қазынашысы Брэндон Бич процесті жеделдетуге күш салып жатыр. Ал банкнота дизайны қазірдің өзінде дайын болған. Онда Дональд Трамптың портреті, қолтаңбасы және елдің 250 жылдығына арналған символика бейнеленген.
Егер заң қабылданса, бұл АҚШ-тың қазіргі тарихындағы бұрын-соңды болмаған жағдай болмақ. Себебі осы уақытқа дейін америкалық банкноталарда қызметтегі президенттердің бейнесі қолданылмаған.