Қытайда жемқорлық үшін екі бұрынғы қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Автор: Алмас Ерсін

Олардың мүлкі тәркіленеді

Фото: pixabay.com

Қытайда бұрынғы қорғаныс министрлері Вэй Фэнхэ мен Ли Шанфу жемқорлық айыбы бойынша үкімді екі жылға шегере отырып өлім жазасына кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасап.

Үкімді Қытайдың арнайы әскери соты шығарған. Екеуі де бұған дейін Қытай қорғаныс министрі қызметін атқарған, Орталық әскери комиссия құрамына кірген және Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі болған.

Вэй Фэнхэ пара алды деп танылса, Ли Шанфу пара алу және беру ісі бойынша кінәлі деп танылды. Екеуі де өмір бойына саяси құқықтарынан айырылды. Олардың мүлкі тәркіленеді.

Сот шешімінде екі жылдық мерзім аяқталғаннан кейін жазаны жеңілдетуге немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға жол берілмейтіні көрсетілген.