БАӘ тағы бір мұнай ұйымынан шықты

Автор: Алмас Ерсін

Бұған дейін БАӘ ОПЕК пен ОПЕК+ құрамынан шыққан болатын

Фото: istockphoto.com

Біріккен Араб Әмірліктері 1 мамырдан бастап Мұнай экспорттаушы араб елдері ұйымынан (ОАПЕК) шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі мәлімдеді.

X әлеуметтік желісінде жарияланған мәлімдемеде ОАПЕК Бас хатшылығы БАӘ-ге мұнай және энергетика саласындағы араб мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

ОАПЕК 1968 жылы құрылған. ОПЕК пен ОПЕК+ форматтарынан айырмашылығы, бұл ұйым мүше елдер арасындағы мұнай саласындағы экономикалық өзара іс-қимылды үйлестіруге бағытталған.

БАӘ шыққаннан кейін ОАПЕК құрамында 10 мемлекет қалады: Алжир, Бахрейн, Египет, Ирак, Кувейт, Ливия, Катар, Сауд Арабиясы, Сирия және Тунис.

Еске салайық, сәуір айының соңында Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК және ОПЕК+ форматтарынан шығатынын жариялаған еді.