Бес адам қаза тапты
АҚШ-тың Техас штатында бортында пиклбол командасының төрт спортшысы мен ұшқышы болған шағын ұшақ апатқа ұшырады. Бесеуі де қаза тапты. Бұл туралы Amarillo Pickleball Club мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Команда Амарилло қаласынан ұшып шығып, Cranky Pickle клубында өтетін турнирге қатысу үшін Нью-Браунфелс қаласына бағыт алған. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшу кезінде әуе кемесінде техникалық ақау туындаған. Әуе диспетчері ұшақ радардан жоғалар алдында оның әдеттен тыс маневрлер жасағанын тіркеген.
Жоспарланған жарыс тоқтатылды. Ұйымдастырушылар спортшылар қаза тапқан күні турнирді өткізбеу туралы шешім қабылдады.