АҚШ президенті Иран кемелері блокадаға жақындаса, бірден жойылатынын ескертті
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның әскери-теңіз күштері толық жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол бұл туралы өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазып, қажет болса жаңа шабуылға дайын екенін аңғартты.
«Иранның әскери-теңіз флоты теңіз түбінде жатыр, толық жойылды – 158 кеме. Біз олардың аз ғана “жылдам соққы беретін катерлеріне” соққы жасаған жоқпыз, себебі оларды айтарлықтай қауіп деп есептемедік. Ескерту: егер осы кемелердің кез келгені біздің блокадаға жақындаса, олар теңіздегі есірткі тасымалдаушылардың қайықтарына қарсы қолданатын дәл сол жою жүйесімен бірден жойылады. Бұл – жылдам әрі қатаң. P.S. Мұхит немесе теңіз арқылы АҚШ-қа жеткізілетін есірткінің 98,2%-ы тоқтатылды! Осы мәселеге назар аударғандарыңызға рахмет», – деп жазды Трамп.
Еске салайық, бұған дейін Ақ үй басшысы Ормуз бұғазындағы қозғалысты америкалық әскери-теңіз күштері толық бұғаттайтынын айтқан болатын.