Жұмадан сенбіге қараған түні ғарыш кемесі Тынық мұхитына қонады
52 жылдан кейін Айға ұшқан алғашқы пилоттық миссия Жерге оралып жатыр. Жұма мен сенбіге қараған түні ғарыш кемесі Тынық мұхитына қонады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy BBC-ге сілтеме жасап.
Orion бортындағы төрт астронавт Айды айналып ұшу миссиясын сәтті орындап, Гринвич уақыты бойынша жұма күні түн ортасы шамасында Сан-Диего жағалауына жақын маңда суға қонады деп күтіліп отыр.
Сәрсенбі күні Artemis II миссиясының астронавтары ғарыштан баспасөз мәслихатын өткізді. Бұл – экипажбен Айды айналып өткеннен кейін алғаш рет тілдесу мүмкіндігі болды. Осы сапар барысында астронавтар Жерден адамзат тарихындағы ең алыс қашықтыққа дейін ұшып барды.
Журналистермен әңгіме барысында миссия пилоты Виктор Гловер экипаж көрген дүниелерін әлеммен бөлісуді асыға күтіп отырғанын айтты.
«Әлі де көрсететін суреттер өте көп, айтатын оқиғалар қаншама. Құдай-ау, біз бастан өткергеннің бәрін өзім де әлі толық сезініп үлгерген жоқпын. Алдымызда тағы екі күн бар, ал атмосфера арқылы от шарындай болып қайта ену – бұл да ұмытылмас әсер», – деді ол.
Келесі Artemis III миссиясында Жердің төменгі орбитасында Orion капсуласы мен NASA болашақта астронавтарды Айға жеткізу үшін пайдалануды жоспарлап отырған екі ай қону модулі арасында түйісу сынағы өткізіледі.
Ал 2028 жылға жоспарланған Artemis IV 1972 жылғы Apollo 17 сапарынан кейінгі Айға алғашқы пилоттық қону күтіледі.