Жалпы, су тасқыны 9 елді-мекенді шайып кеткен
Дағыстан Республикасындағы су тасқынынан 4 адам қаза тапты. Олардың арасында жүкті әйел мен бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ТАСС хабарлағандай, суға ағып кеткен жүкті әйел мен жасөсіпірімді мамандар құтқарғанымен, олар ауруханада көз жұмған. Кирки ауылында тағы бір бір әйел лай көшкіні астында қалып мерт болды, Мамедқала кенті маңындағы тасжолдан суға кеткен баланың денесі табылған.
Су тасқыны кезінде ішінде 10 адамы бар 3 жеңіл автокөлікті сел ағызып әкеткен. Геджух су қоймасының деңгейі көтеріліп, дамбаның бірнеше тұсы тесілген. Салдарынан 9 елді мекенде 2 мыңнан астам үйді су басты. Қазіргі таңда аймақта төтенше жағдай режимі аясында құтқару жұмыстары жүріп жатыр.
Махачкала мэрі Салавовтың айтуынша, су басу қаупі бар 4 шағын ауданнан 4 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қалада 9 уақытша орналастыру пункті жұмыс істеп тұр. Өңірлік Көлік министрлігі 20 жол учаскесінің жабық екенін хабарлады. Лай көшкіні мен сел қаупіне байланысты қозғалысқа шектеу қойылған.
Ресей үкіметінің тапсырмасымен Дағыстанға апат салдарын жою үшін қосымша күштер мен арнайы техника жұмылдырылды. Мамандар аймақта тас құлау және сел жүру қаупі әлі де жоғары екенін ескертеді.