165 жылдық дәстүр жойылады: АҚШ-тың қағаз ақшалары Трамптың қолтаңбасымен шығады

Автор: Аягөз Құрмаш

Бұл туралы АҚШ Қаржы министрлігі хабарлады

Фото: © REUTERS / Kevin Lamarque

Бұл жазда АҚШ-тың қағаз ақшалары президент Дональд Трамптың қолтаңбасымен шығарылады. Америкалық валютада қолтаңбасын тіркейтін бірінші қазіргі қызметтегі президент болады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Reuters агенттігінің мәліметінше, жаңартылған банкноттар АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай шығарылады. 165 жыл бойы банкноттарда болған қазыналық қолтаңба енді болмайды. Қазыналық қолтаңба министрге бағынатын және Бас гравировка мен басып шығару бюросын, АҚШ ақша сарайы және басқа да ведомство функцияларын бақылайтын қазынашыға тиесілі болатын.

Бірінші болып $100 номиналы бар банкноттар Трамп пен Қаржы министрі Скотт Бессенттің қолтаңбаларымен маусым айында басылады. Кейінгі айларда басқа банкноттар да шығарылады. Жаңа ақша тек бірнеше аптадан кейін ғана банк айналымына түсуі мүмкін.   

Қазіргі таңда Қаржы министрлігі Джо Байден президент болып тұрған кезде министр болған Джанет Йеллен мен бұрынғы қазынашы Линн Малербаның қолтаңбалары бар банкноттарды шығара береді.

Малерба 1861 жылдан бері федералдық валютада үздіксіз қолтаңба қалдырған қазынашылардың тізіміндегі соңғы адам болады. 1861 жылы АҚШ үкіметі валюта шығара бастаған еді.

Қолтаңбаны өзгерту Трамп әкімшілігінің және оның одақтастарының президенттің атын ғимараттарда, мекемелерде, мемлекеттік бағдарламаларда, әскери кемелерде және монеталарда көрсету бағытындағы тағы бір қадамы болды. Трамп тағайындаған Федералдық өнер кеңесі өткен аптада оның бейнесі бар естелік алтын монетаның дизайнын мақұлдады.