Иранда Хаменейдің мұрагері анықталды: аты әзірге құпия

Автор: Алмас Ерсін

Мұндай шешімді сарапшылар кеңесі қабылдаған

Фото: Bild

Иранда жоғарғы көшбасшы Әли Хаменейдің мұрагері анықталды, бірақ оның есімі әзірге жария етілмей отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Bild басылымына сілтеме жасап.

Бұл шешімді Иранның Сарапшылар кеңесі қабылдады. Аталған орган елдің жоғарғы жетекшісін тағайындау және оның қызметін бақылау үшін жауап береді.

ISNA агенттігінің мәліметінше, кандидатура Хаменей қаза тапқаннан шамамен бір апта өткен соң кеңес мүшелерінің басым көпшілігінің қолдауына ие болған. Жиынға қатысқандардың бірі таңдалған үміткер бұл қызметке «ең лайықты кандидат» деп танылғанын айтты.

Жартылай ресми Mehr News Agency агенттігінің мәліметіне сүйенсек, жаңа жоғарғы көшбасшының есімін Сарапшылар кеңесі хатшылығының басшысы Хосейни Бушехри жариялауы тиіс. Ресми мәлімдеме қашан жасалатыны әзірге нақтыланбаған.

Тегтер: