Бұл іске Джеффри Эпштейнмен байланысы себеп болған
Норвегияның бұрынғы премьер-министрі Турбьерн Ягланд сыбайлас жемқорлық жасады деген айыпқа ілікті. Ол америкалық бизнесмен, педофилия үшін сотталған Джеффри Эпштейнмен байланысқан, деп хабаралайды Azattyq Rýhy.
ВВС жазғандай, Ягланд бұрынғы дипломатиялық қызметінінің арқасында кейбір қылмыстық істерден, тергеуден қорғалған еді. Еуропалық кеңес осы иммунитеттен айырып, кейін айып тақты. Экс-премьердің адвокаты қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығарып, тергеу органдарымен ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.
АҚШ үкіметі жариялаған электрондық хаттардан белгілі болғандай, Ягланд Эпштейннің Париждегі, Нью-Йорктегі және Палм-Бичтегі үйлеріне қонаққа баруды жоспарлаған. Ол кезде Эпштейн балаларға жыныстық зорлық көрсеткені үшін сотталып шыққан болатын.
Норвегияның қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері Ягландқа тиесілі үш жылжымайтын мүлікте тінту жүргізді, енді оны тергеуге шақырмақ. Сонымен қатар, Ягланд Эпштейннен несие алуға жүгінген деп айыпталуда, бірақ бұл мәміле нақты жүзеге асқаны анық емес.
Ягланд 1996–1997 жылдары премьер-министр болған, сондай-ақ Норвегияның Нобель комитетінің бұрынғы басшысы және он жыл бойы Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы қызметін атқарған.
Бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон мен оның жұбайы, бұрын мемлекеттік хатшы қызметін атқарған Хиллари Клинтон да Джеффри Эпштейнмен байланысы үшін тергеуге шақырылған еді.
Еске салсақ, америкалық қаржыгер және меценат Джеффри Эпштейн педофилия мен жасөспірім қыздарды жыныстық мақсатта пайдаланғаны үшін сотталған. 2019 жылы түрмеді өз өзіне қол жұмсап, қайтыс болған. Оның ісіне қатысты миллиондаған құжаттар жарияланып, онда Эпштейннің ықпалды адамдармен байланысы көрсетілген.