Олардың арасында әскери өнеркәсіп компанияларының қожайындары бар
Түркияның Ұлттық барлау ұйымы Стамбулдан тыңшылық күдігімен 6 адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Сaliber.az жазуынша, барлау қызметі қалада өткізген операция барысында Иранның пайдасына тыңшылық жасаған алты адамды қолға түсірген.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталғандар арасында әскери өнеркәсіп компанияларының иелері Эрхан Эргелен мен Танер Озджан, сондай-ақ бір Иран азаматы бар. Оларға «саяси немесе әскери мақсаттағы мемлекеттік құпия ақпаратты алу үшін тыңшылық жасау» айыбы тағылған.