Қытай көліктерінің орташы бағасы шашамен 8 млн теңге
Қазақстан қытай көліктерін ең көп сатып алатын елдердің ондығына кірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылы Қазақстан Қытайдан 211 мың 545 автокөлікті импорттаған. Қытай жеңіл автокөліктер ассоциациясының (CPCA) мәліметі бойынша, былтыр мемлекет шетелге 8,32 миллион автокөлік экспорттаған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 30%-ға артық.
Олардың ішінде электрлі және гибридті көліктер (NEV) саны 3,43 миллион. 2025 жылы NEV көліктерінің сатылымы 16%-дан 70%-ға бір-ақ көтерілген.
Қытай көліктерін көп сатып алатын елдердің басында Мексика, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктері тұр. Оныншы орынға Қазақстан жайғасқан.
2025 жылы қаңтарда Қытайдың автокөлік экспорты қатты өсті, ақпаннан сәуірге дейін АҚШ енгізген тарифтердің әсерінен сатылым төмендеген. Содан кейін мамырдан қарашаға дейін экспорт қалпына келіп, ал желтоқсанда пайдаланылған автокөліктердің экспорты күрт өсті. Экспортталған көліктердің орташа бағасы – 16 мың АҚШ доллары.