«Бейбітшілікті ойлауға міндетті емеспін»: Трамп Нобель сыйлығын алмағанына қатты ренжіп қалған
Ол Норвегия билігіне хат жазған
АҚШ президенті Нобель сыйлығын бермегені үшін Норвегия билігіне «өкпелеп қалған». Трамп елдің премьер-министріне хат жолдап, Нобель сыйлығын алмаған соң, енді «бейбітшілік туралы ойлауға міндетті емес» екенін жазған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Бұған дейін Америка басшысы Гренландияны АҚШ-қа қосып алу туралы жоспарына қарсы шыққан 8 еуропалық елге 10 пайыз баж салығын салатыны мәлім етті. Айтуынша, егер олар келісімге келмесе салық мөлшері 25 пайызға дейін өседі.
Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Дональд Трамптың Гренландияны қорғаған елдерге баж салығын енгізу жоспарын сынға алды. Ол мұны альянс ішіндегі дауларды шешудің қате жолы деп атады. Оның айтуынша, мұндай қадам сауда соғысына, ел экономикасына және қарапайым адамдарға зиян тигізеді.
Стармер АҚШ-пен серіктестіктің маңызды екенін айтты, бірақ серіктестік өз құндылықтарынан бас тартуға әкелмейді. Гренландияның болашағын тек Гренландия халқы мен Дания шешуі тиіс. Стармер сауда соғысы ең алдымен қарапайым адамдар мен шағын бизнеске әсер ететінін айтып, АҚШ-пен бірге қауіпсіздік пен қорғанысты сақтай отырып, сауда қақтығысының алдын алу екенін жеткізді.