Трамп АҚШ азаматтарын Ираннан дереу кетуге шақырды

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол одақтастарына да осындай ақыл айтты

Фото: AP/ Evan Vucci

АҚШ президенті Дональд Трамп Иран аумағында жүрген АҚШ азаматтары мен одақтас елдердің азаматтарына бұл елден дереу кетуге кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

CNN телеарнасының хабарлауынша, бұл туралы ол Детройт қаласында Ford компаниясының автозауытын аралау кезінде мәлімдеген.

«Меніңше, Ираннан кету жаман идея емес», - деді журналистердің АҚШ азаматтарының елден кетуі қажет пе деген сұрағына жауап берген Трамп.

Журналистер Truth Social желісіндегі «Көмек жолда» деген жазбасына қатысты не айтқысы келгенін сұрады.

«Кешіріңіздер, оны өздеріңіз анықтауларыңыз керек», - деп жауап берді ол.

Еске салсақ, желтоқсан айының соңында Иранда терең экономикалық дағдарыс аясында жаппай наразылық акциялары басталып, әлі күнге дейін жалғасып келеді. Бұған дейін Дональд Трамп АҚШ-тың Иранға соққы беруі мүмкін екенін де жоққа шығармаған болатын.