Зардап шеккен әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді
Таиландта күйеуімен жанжалдасқаннан кейін тұрғын үй кешенінің 25-қабатынан құлап кеткен әйел аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
The Thaiger басылымының жазуынша, оқиға Паттайя қаласында таңғы уақытта болған. Көршілер құтқарушыларды шақырып, әйелдің биіктен құлағанын хабарлаған.
Төтенше жағдай қызметінің қызметкерлері оқиға орнына келген кезде 26 жастағы жәбірленушіні бассейннің жанынан тапқан. Әйелдің ауыр жарақат алғанына қарамастан тірі болғаны құтқарушыларды таңғалдырған.
Зардап шеккен әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Еске сла кетейік, Алматыда 12-қабаттан құлап кеткен қыз бала оқиға орнында көз жұмды.