Мексикада пойыз апатынан 13 адам көз жұмды

Автор: Алмас Ерсін

Тағы 98 адам жарақат алды

Фото: istockphoto.com

Мексиканың Оахака штатындағы Нисанда елді мекені маңында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, 13 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy  ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Мексика президенті Клаудия Шейнбаум мәлімдеді.

«Әскери-теңіз күштері министрлігі маған, өкінішке қарай, мұхитаралық пойыз апаты салдарынан 13 адам қаза тапқанын хабарлады. 98 адам жарақат алды, олардың бесеуінің жағдайы ауыр», - деп жазды Шейнбаум әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, зардап шеккендер Матиас-Ромеро және Салина-Крустағы Әлеуметтік сақтандыру институтының мекемелеріне, сондай-ақ Хучитан және Икстепек қалаларының ауруханаларына жатқызылған. Шейнбаум сонымен қатар Әскери-теңіз күштері министрі Раймундо Педро Моралес Анхелес оқиға орнына жіберілгенін атап өтті.

Пойызда тоғыз экипаж мүшесі және 241 жолаушы болған. Пойызға екі локомотив және төрт жолаушы вагоны жалғанған.