Жанкүйерлер федерацияның билет саясатына наразылық білдірген
Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) әлем чемпионаты матчтарына билет бағасын төмендетті. Бұрын финалға билет 4185 доллардан сатылса, енді кейбір жанкүйерлер оны 60 долларға ала алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ФИФА- мәлімдегендей, Солтүстік Америкадағы әр матчқа «жанкүйерлер билеті» санатындағы жүздеген 60 долларлық билет бөлінеді. Ұлттық федерациялар бұл билеттерді өз командаларының ең адал жанкүйерлеріне таратады. ФИФА «ұлттық командаларды қолдайтын жанкүйерлерге қолдау көрсету үшін» осындайц шара ұйымдастырып отырғанын түсіндірген.
Солтүстік Америкадағы әлем чемпионатына алғаш рет 48 команда қатысады, халықаралық федерацияға жарыстан кемінде 10 миллиард доллар табыс түседі.
Өткен аптада әлемдік жанкүйерлер ФИФА-ның ең арзан билеттерді 21 долларға сату туралы уәдесін орындамағанына наразылық білдірген. Ең төменгі бағадағы билеттер ақырында 120 - 265 долларға сатылған. Еуропадағы жанкүйерлер билеттердің «динамикалық бағасы» мен қайта сату платформасындағы қосымша төлемдерге наразы болды.
Сейсенбі күні ФИФА хабарлағандай, 19 шілдеден кейін жанкүйерлер сатып алған пайдаланылмаған билеттерінің ақшасын әкімшілік алымсыз толық қайтара алады.