Шенеуніктер келіспей қалған
Мехико Конгресінде оппозициялық партиялардан сайланған әйел депутаттар төбелес шығарған. Жанжал қалалық биліктің ашықтығын қадағалайтын агенттікті реформалау мәселесін талқылау кезінде туған. Қала парламентте бір-бірінің шашын жұлып, шалапақ жегізген әйелдердің видеосы бүкіл интернетке тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, солшыл «Морена» партиясы оңшыл Ұлттық іс-қимыл партиясының (PAN) өкілдерін «регламентті бұзды» деп айыптаған. Бірақ оңшылдар мінберден түспей қойған. Содан кейін «Морена» партиясының депутаттары оппозиция өкілдерін күшпен шығарып жібергісі келген.
Конгресс залындағы дүрбелең тікелей эфирде көрсетілген. Оқиғадан кейін PAN партиясының депутаттары залды тастап шығып кеткен. Ал «Морена» партиясының өкілдері жиналысты жалғастырған. Екі тараптың шенеуніктері бір-бірін кінәлады. Бейнежазбаны әлеуметтік желідегілер қызу талқылап жатыр.