Олар Асад билігінің құлағанын күнін тойлады
Дамаск пен Алеппода мыңдаған тұрғын Асадтар әулетінің билігі құлағанына бір жыл толуын атап өтті. Халық орталық алаңдарға жиналды, билік әскери шеру өткізді деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі ВВС-ге сілтеме жасап.
Сирияның уақытша президенті Ахмед аш-Шараа Дамасктегі Омейяд мешітінде құлшылық жасап, мерекелік шараны ашты. Ол халыққа жолдау жасаған. Оның бейнесі Омейяд алаңындағы үлкен экраннан көрсетілді.
Президент Асад режимін сынап, оның елді бөлшектегенін атап өтті. Сондай-ақ үкіметтің соғыстан қираған Сирияны қалпына келтіруге уәде бергенін және халық шағымдарын тыңдаумен айналысқанын жеткізді.
Айта кетейік, Сириядағы жағдай әлі де күрделі. Экономикалық дағдарыс тереңдеп, ел ішінен бөлшектенген. Аш-Шараа бүкіл аумақты толық бақыламайды. Солтүстік-шығыста курдтар, оңтүстікте друздар, солтүстікте протүрік күштері ықпал етеді. Кейбір ауылдар жергілікті тайпа басшыларының басқаруында отыр.
Аймақтағы күштердің билікке тартысы да жалғасып жатыр. Түркия, Катар және Сауд Арабиясы Дамаскке ықпал етуге ұмтылып отыр. Израиль оңтүстікте операция жүргізіп, Голан жоталарынан бас тартуды талап етуде. Ал Ресей жаңа билікке Асадты беруден бас тартқан болатын.
Еске салсақ, 2024 жылы 8 желтоқсанға қараған түні көтерілісшілер Дамаскіні басып алып, Башар Асадтың билігі құлағанын мәлімдеген. Елде 2000 жылдан бастап Асад режимі орнаған еді. Көтерілісшілер оның кетуімен Сирияда «жаңа дәуірдің» басталғанын жариялады.