Қытайда робот полицейлер жұмысқа шықты

Автор: Темірхан Айжан

Қазір ол екі қызметті атқара алады 

Фото: Hangzhou Daily

Қытайда Hangxing No 1 атты жасанды интеллектпен жұмыс істейтін робот полицей жұмысқа кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Робот қолын көтеріп, жол қозғалысын реттейді, жүруге сигнал береді, жол ережесін бақылайды. Hangxing No 1 дулыға кимей жүрген велосипедшілерге, рұқсат берілмеген жолдан өткен жаяу жүргіншілерге, белгіленбеген жерге тоқтаған көлік жүргізушілеріне сыпайы дыбыстық ескерту жасайды.

Бағдаршаммен синхронды жұмыс істейтін робот ережелерді айнытпай орындайды.

Қазіргі уақытта робот қозғалысты басқарады және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді. Алдағы уақытта оның мүмкіндіктері кеңейіп, жолаушыларға ыңғайлы қызмет көрсетудің өзге түрлерін меңгермек.

Енді Ханчжоуда жол қозғалысын басқаратын роботтары әзірленіп,толыққанды полицей роботтар паркін құру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.