Әлемдегі ең таза қала анықталды
Кейінгі 12 айдағы 70 мыңнан астам шынайы онлайн-пікір негізге алынды
Сарапшылар әлемдегі ең таза және ең лас қалаларды атады. Краков туристер үшін ең жайлы әрі ең таза қала деп танылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Radical Storage атты багаж сақтау компаниясының сарапшылары 2025 жылдың қорытындысы бойынша Польшаның екінші ірі қаласы әлемдегі ең таза қала деген қорытындыға келді. Ал Венгрияның астанасы Будапешт ең лас қала деп танылды. Айта кетері, мамандар рейтинг жасау кезінде Euromonitor зерттеу компаниясының нұсқасы бойынша үздік 100 бағытқа кіретін жүз қалаға талдау жүргізген.
Кейінгі 12 айдағы 70 мыңнан астам шынайы онлайн-пікір негізге алынып, әр қалаға ең үздік 10 көрікті орын бойынша баға берілген. Сондай-ақ қалалар «таза» және «лас» секілді сипаттамалар арқылы тексерілді.
Жиналған деректер Краковтың әлемдегі ең таза қала екенін көрсетті.
Әлемдегі ең таза 10 қала:
- Краков, Польша (98,5%)
- Шарджа, БАӘ (98,0%)
- Сингапур (97,9%)
- Варшава, Польша (97,8%)
- Доха, Қатар (97,4%)
- Эр-Рияд, Сауд Арабиясы (96,9%)
- Прага, Чехия (96,4%)
- Маскат, Оман (96,4%)
- Дубай, БАӘ (96,3%)
- Фукуока, Жапония (96,3%).