Жүздеген адам іздестіріліп жатыр
Гонконгтың солтүстігіндегі Wang Fuk Court тұрғын үй кешені өртке оранып, 44 адам қаза тапты, жүздеген адам із-түзсіз жоғалған, деп хабарлайды Azattyq Ryhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Гонконг билігі өртке байланысты абайсызда кісі өлтіру күдігімен үш адамның ұсталғанын хабарлады. Полицияның мәліметінше, 52 мен 68 жас аралығындағы ер адамдар ұсталған. Олар өрт болған ғимаратта жөндеу жұмыстарын жүргізген құрылыс компаниясында жұмыс істеген. Ұсталғандардың екеуі – компания басшылары, ал үшіншісі – кеңесші инженер.
Билік ғимараттың сыртқы бөлігінен тез жанғыш материалдар табылғанын мәлімдеді.
«Компания басшылығы өрескел салғырттық жасаған. Ол таргедияға себеп болып, арты апатқа әкелді», – деді полиция өкілі.
65 жастағы тұрғын AFP агенттігіне берген сұхбатында осы кешенде қырық жылдан астам уақыт өмір сүргенін, көршілерінің көбінің қарт адамдар болғанын айтқан.
«Жөндеу жұмыстарына байланысты терезелер жабық тұрған, кейбір тұрғындар өрт шыққанын білмей де қалды. Көршілері хабарлап, сыртқа шығу керегін айтқан. Өзім қатты қорқып қалдым», – деді ол.