Қазақстанда тағы бір жол ақылы болады
Жолға ақы төлегісі кемейтіндер үшін балама жол қарастырылған

Көлік министрлігінің мәліметінше Шу-Бурылбайтал жолы ақылы болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл шешім 13 мамырдан бастап күшіне енеді. Жаңашылдық ең алдымен коммерциялық көлікке қатысты енгізілді – жеңіл көліктер үшін жол жүру тегін болып қалады.
Жолға төлегісі кемейтіндер үшін балама бар: Шу – Қайнар – Кенен – Қарабастау – Қаншеңгел – Ақсүйек – Бурыбайтал бағыты бойынша жүруге болады.
Төлем көлік түріне байланысты және АЕК (2025 жылы 3932 теңге) негізінде есептеледі:
16 орындық автобустар және 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері:
- 1 032 теңге (алдын ала төлем);
- 1 213 теңге (кейінгі төлем).
32 орынға дейінгі автобустар және 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері:
- 2 083 теңге (алдын ала төлем);
- 2 446 теңге (кейінгі төлем).
32 орындық автобустар және 10 тоннаға дейінгі автопоездар
- 3 115 теңге (алдын ала төлем);
- 3 659 теңге (кейінгі төлем).
10 тоннадан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері
- 4 156 теңге (алдын ала төлем);
- 4 892 теңге (кейінгі төлем).
15 тоннадан асатын жүк көліктері, тракторлар мен тіркемесі бар жеңіл автокөліктер
- 5 188 теңге (алдын ала төлем);
- 6 105 теңге (кейінгі төлем).
Тұрақты пайдаланушылар үшін абонемент қарастырылған – көлік түріне байланысты айына 1-ден 5 АЕК-ке дейін немесе жылына 12-ден 60 АЕК-ке дейін.