$ 518.53  588.17  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте 120 тонна болатын вагондарды сүйреген алып күш иесі рекорд орнатты

Бұрын-соңды Қазақстанда мұндай рекорд болмаған

Шымкентте 120 тонна болатын вагондарды сүйреген алып күш иесі рекорд орнатты
Фото: видеодан скриншот

Шымкенттік алып күштің иесі Артық Досалиев Қазақстан рекордын жаңартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24kz-ке сілтеме жасап.

52 жастағы спортшы салмағы 120 тонна болатын вагондарды сүйреп, 21 метр 40 сантиметрге дейін жылжылтты. Алдымен Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі, рельстің деңгейін, жүктің салмағын тексеріп, арақашықтықты өлшеуден өткізді. Рекордтың орнатылғанын растап, сертификатты табыстады.

Артық Досалиев бұл жетістігін Жеңіс күні қарсаңында батыр бабалардың ерлігін ұлықтап, рухына тағзым етуге арнады. Осы нәтижеге жету үшін бір жыл бойы дайындалғанын айтады. Ол спорттың осы түрінен 5 рет әлем чемпионы, 2 дүркін Еуропа және Азия жүлдегері атанған. Сондықтан жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

«Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында осындай рекорд орнатуға ниет етіп, батыр бабаларымыздың рухына тағзым жасадым. Келесі жылы да 6-7-10-20 вогонға дейін сүйреуге ниеттеніп отырмын», - дейді пауэрлифтингтен әлем чемпионы Артық Досалиев.

«Бұрын-соңды Қазақстанда болмаған рекордтың орнатылғанын көріп, куә болып отырмыз. Оның алдында біз жолдың тегістігін тексердік. 21 метр 40 см-ге тартты. Жалпы салмағы – 120 тонна», - дейді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Бақытжан Тастүлеков.

Серіктес жаңалықтары