$ 518.53  588.17  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Екі кроссовкиі екі жақта жатыр»: Ақмолада алты жасар Жандәулеттің із-түзсіз жоғалғанына бір апта болған

Жандәулет Қалмырза соңғы рет Нұра өзенінің жағасында ойнап жүрген

«Екі кроссовкиі екі жақта жатыр»: Ақмолада алты жасар Жандәулеттің із-түзсіз жоғалғанына бір апта болған
Фото: https://www.instagram.com/nayzakokshe/

Ақмола облысындағы Қорғалжың ауылында бір апта бұрын із-түзсіз жоғалған Жандәулет Қалмырза әлі табылған жоқ. Жақындарының айтуынша, бала кешке таман үйінен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «КТК» телеарнасына сілтеме жасай отырып. 

Бала соңғы рет балалармен Нұра өзенінің жағасында ойнаған көрінеді. Lider. KZ еріктілер ұйымының өкілі Айзада Жүсіпованың айтуынша, баланың әзірге тек екі аяқ киімі табылған.

«Бала жоғалғаннан кейін екі күн өте біз оның кроссовкилерін таптық. Біреуі өзеннің жағасында, екіншісі сол жерден алтын шақырым жерден табылды. Біз осы аумақты бірақ тексеріп шықтық. Өзен бойына тор іліп, оны да тексеріп отырмыз», - дейді Айзада Жүсіпова.

Ал, баланың досы соңғы рет Жандәулет екеуі Нұра өзенінің жағасында ойнап жүргенін, кенет ол суға түсіп кеткенін айтқан. Дегенмен, құтқарушылар суды да, жерді де түгел тексеріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Ақмола облысы