Семейде сәбиді қоқысқа тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды

Автор: Алмас Ерсін

Бұрынғы полицейлер жаңа туған қызынан айырылған оқиға бойынша сотталды. Сәби қоқыс жәшігінен табылған, әкесі өмір бойына түрмеге қамалды, ал анасы рақымшылыққа ілікті

Фото: istockphoto.com

Семейде мәйіті қоқыс контейнерінен табылған сәбиінің өліміне қатысы бар бұрынғы полиция қызметкерлеріне үкім шығарылды. Тергеу нәрестенің тоңып қайтыс болғанын анықтаған. Сот 21 жастағы анасына екі жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, алайда ол рақымшылыққа ілінді. Ал 26 жастағы әкесі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

КТК телеарнасының 2026 жылғы 15 қазандағы мәліметінше, әйел жүктілігін жасырып, қызын үйінде босанған. Кейін ол сәби өлі туғанын айтып ақталған.

Алайда тергеу барысында нәрестенің тоңып қайтыс болғаны анықталды. Сондай-ақ қыздың өліміне әкесінің де қатысы бары белгілі болды. Ол сәбиді қоқыс жәшігіне қалдырған.

Бір қызығы, баланың ата-анасы да ішкі істер органдарында қызмет еткен. Сот екеуін де арнайы атақтарынан айырды.

Судья Нияз Хасенбаев әкесіне қатысты үкімді жариялады:

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», - деді судья.