Үш күнде қоржынға 5 алтын, 1 күміс, 2 қола түсті
Қазақстан құрамасы Гонконгте өткен ескек есу марафонында жоғары нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үш күнге созылған додада қазақстандық спортшылар 5 алтын, 1 күміс және 2 қола медальеншіледі. Жарысқа Азияның 13 елінен шамамен 250 спортшы қатысқан.
Байдаркамен жарысқа түскен Татьяна Токарницкая Қазақстан құрамасының басты жұлдызы болды. Ол келесі қашықтықтарда топ жарды:
Каноэ санатында сынға түскен Тимофей Емельянов та жүлделі орындардан көрінді:
Жарысқа қатысушылар саны мен медаль сапасы жағынан Қазақстан құрамасы Азиядағы ең мықты командалардың бірін қайта дәлелдеді.