Президент лауазымына жалғыз үміткер – Геннадий Головкин
World Boxing халықаралық бокс федерациясы алдағы сайлауға қатысатын үміткерлердің нақтыланған тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше 2025 жылдың 23 қарашасында Рим қаласында өтетін Конгресс отырысы барысында дауыс беріледі.
Барлық үміткер Sport Resolutions ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін үш тәуелсіз халықаралық сарапшыдан құралған Тәуелсіз бағалау комиссиясының тексерісінен өтті. Комиссия олардың кәсіби талаптарға сәйкестігін бақылап, мақұлдаған үміткерлерді ғана сайлауға жіберді.
«Құзырлы орган 2025 жылдың қазан айында түскен барлық өтінішті қарап, комиссия оң қорытынды берген үміткерлерді сайлауға қатысуға рұқсат етті», - деп жазылған хабарламада.
Президент лауазымына жалғыз үміткер – Геннадий Головкин. World Boxing Жарғысына сәйкес, егер басшылық қызметке бір ғана үміткер ұсынылса, Конгресс оны баламасыз негізде, яғни бірауыздан мақұлдайды.
Президент сайлауынан бөлек, күн тәртібіне вице-президент пен Атқарушы комитеттің екі мүшесін сайлау енгізілген. Төменде бекітілген үміткерлердің тізімі берілген.
Вице-президент лауазымына үміткерлер:
Конгресс - World Boxing ұйымының жоғары басқару органы. Римдегі отырысқа вице-президент Дина Гликидис төрағалық етеді. Сайлау процесін тәуелсіз құрылым қамтамасыз етеді. Сондай-ақ бақылаушылар қатысып, барлық рәсімнің ашықтығы мен регламенттің сақталуын қадағалайды.