«Қазақстан барысы» әнші Тоқтар Серіковке ерекше сыйлық жасады

Автор: Алмас Ерсін

Тоқтар ағама деген шынайы сый-құрметімнің белгісі ретінде қасқырымды арнайы ырымдап сыйға тарттым, дейді балуан

Фото: instagram.com/yerassyl_kazhybayev/

Дзюдошы, 2024 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Ерасыл Қажыбаев 50 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан әнші Тоқтар Серіковке қасқыр терісін сыйға тартты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Айтуынша, бұл қасқыр терісін «Қазақстан барысында» жеңіске жеткен күні қолына ұстап шыққан.

 «Тоқтар ағама деген шынайы сый-құрметімнің белгісі ретінде қасқырымды арнайы ырымдап сыйға тарттым. Бұл қасқыр — менің әрбір дайындық күнім, төгілген терім, жеңіске деген сенімім мен күрестегі рухымның белгісі. Сол сәттегі қуат, сол аренадағы елдің қолдауы, жеңістің лебі – бәрі соның бойында қалғандай еді. Сол себепті мен бұл дүниені жай ғана сыйлық емес, жүректен шыққан ізгі ниет, жеңіс қуатын бөлісу, ағаға деген құрметтің символы ретінде тапсырдым», - деп Ерасыл Қажыбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол Тоқтар Серіков ағалық орнын биік ұстайтын азамат екенін атап өтті.

«Сол себепті бұл қасқыр ағаның үйіне тек естелік болып бармасын, жеңіс пен берекенің, рух пен жігердің серігі болсын деген ниетім бар. Ағаның шаңырағына әрқашан мерей, қуаныш, жеңіс қатар қонғай!», - деп түйіндеді спортшы.

2024 жылы «Қазақстан барысы» турнирінде Абай облысының атынан қатысқан Ерасыл Қажыбаев жеңімпаз атанды. Биылғы финалда шымкенттік Марат Байкамуровқа есе жіберді.