Астанада өтетін «Қайраттың» матчтарына билет арзандай ма
Футбол федерациясы баға саясатына қатысты пікір білдірді
                        Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория Астанада өтетін «Қайрат» футбол клубының алдағы матчтарының билеттеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Олар матчты Астанаға ауыстыру жөнінде УЕФА-ға сұрау жібергенін хабарлады. Климат жағдайына байланысты ойынды осында өткізу ыңғайлырақ болатыны түсінікті. Мұндай жағдайда матчқа келетін жанкүйерлер саны да артады деп ойлаймын, өйткені бұл елдегі ең үлкен стадион», — деді Лория Үкімет кулуарында.
Ол матч билеттерінің бағасына қатысты өзгерістер болуы мүмкін екенін атап өтті. Журналистер одан футбол клубы федерацияның баға саясаты жөніндегі ұсынымдарына құлақ аса ма деп сұрады.
«Біз соған үміттенеміз», — деп жауап берді федерацияның бас хатшысы.