Қазақстандық дзюдошы қыз Азиада чемпионы атанды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол финалда қырғызстандық балуанды жеңіп кетті

Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер Азиадасының финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 52 келіге дейінгі салмақта топ жарды.

Фатима ақтық сында Милена Боруболотовамен (Қырғызстан) өзара мықтыны анықтады.

Нәтижесінде қазақстандық балуан иппон әдісімен жеңіске жетті.

Тегтер: