Алматыдағы жарыс кезінде 70 жастағы қария қайтыс болды
Оның денсаулығы жүгіре бастай сала нашарлаған

Алматыда өткен Salomon Trail жарыс кезінде 70 жастағы спортшы Владимир Кривенцов қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, қария жарыс бастала сала құлап, денсаулығы нашарлаған. Оқиға орнына жедел жәрдем шұғыл жетсе де спортшы құтқару мүмкін болмады.
«Өкінішке қарай, дәрігерлер тез әрекет етсе де спортшыны құтқару мүмкін болмады. Владимир тәжірибелі спортшы еді, әрдайым түрлі жарыстарға қатысып жүретін. Жарыс алдында толық медициналық тексеруден өткен», – деп жазылған ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.
Владимир Кривенцов — КСРО спорт шебері, теңіз және шаңғы бойынша чемпион, сондай-ақ полиатлон, президенттік және қысқы көпсайыс түрлерінен Қазақстанның бірнеше дүркін жүлдегері болған. Ол спорттық жарыстарға үнемі қатысып жүрген белсенді спортшы ретінде танылды.