Бұл ақпарат футбол клубының ресми сайтында жарияланған
Футболдың әлемдік жұлдыздары «Реал Мадрид» Алматыдағы «Intercontinental Almaty» қонақ үйіне орныққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпарат футбол клубының ресми парақшасында жазылған.
«Реал Мадрид» Алматыға жетті. Чемпиондар лигасындағы екінші матчын Қазақстанның осы қаласында ойнайды. Жаттығудан кейін «Реал Мадрид» ойыншылары Адольф Суарес атындағы әуежайдан Қазақстанға ұшты. Елге келе сала команда Intercontinental Almaty қонақ үйіне жайғасты. Матч Орталық Еуропаның жазғы уақыты бойынша 18:45-те «Қайрат» командасына қарсы өтеді», – деп хабарлайды футбол клубының ресми сайты.
Айта кетейік, Алматы әуежайы футбол жұлдыздарына бауырсақ беріп, ән-күймен қарсы алған еді.