Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалына шықты

Автор: Дәулет Ботагөз

Қазақ боксшысы алтын үшін жұдырықтасады

Фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Жарыс Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда Қызайбай өзбекстандық Сабина Бобокулованы судьялар шешімімен жеңді.

Алтын үшін айқас

Енді Назым Қызайбай әлем чемпионатының финалында алтын медаль үшін рингке шығады. Бұл – тәжірибелі спортшының халықаралық аренадағы кезекті ірі жетістігі.

Контекст

Назым Қызайбай – әйелдер боксының тарихындағы ең танымал қазақстандық спортшылардың бірі. Ол:

  • әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы;
  • Азия чемпионатының бірнеше мәрте жүлдегері;
  • халықаралық турнирлердің тұрақты қатысушысы.