ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.09.2025, 23:54
Спорт

Қазақстан семсерлесуден Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан қоржынына бірнеше медаль түсті

Қазақстан семсерлесуден Азия кубогында алтын медаль жеңіп алды
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Ташкенттегі кадеттер арасындағы Азия кубогының екінші күнінде бірқатар жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттің мәліметінше рапирамен семсерлесуден командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Қазақстан құрамасы қылыш қаруымен айқасудан қыздар арасындағы командалық сайыста екі жүлдеге ие болды.

«Найля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық пен Леона Югай күміс жүлдегер атанса, София Андриянова, Арина Фролова, Айдана Қаратаева мен София Яковлева қола медаль еншіледі», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар рапирамен семсерлесуден Алуа Мұқанова жекелей сайыста үшінші орынға тұрақтады.

Серіктес жаңалықтары