Ливерпульдегі әлем чемпионаты: бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады

Автор: Алмас Ерсін

Қазақстан бокс федерациясы ширек финалда жұдырықтасатын қазақстандық боксшылардың тізімін жариялады

Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жетінші жарыс күнінде қазақстандық боксшылардан кімдер шаршы алаңға шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

10 қыркүйекте күндізгі және кешкі сессиялар аясында Ливерпульде ширек финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстаннан рингке 13 боксшы шығады:

1/4 ФИНАЛ

16:00

  • 60 келі. Виктория Графеева vs Ситора Турдыбекова (Өзбекстан)
  • 55 келі. Махмұд Сабырхан vs Руи Ямагучи (Жапония)
  • 80 келі. Нұрбек Оралбай vs Джавохир Умматалиев (Өзбекстан)
  • +80 келі. Елдана Талипова vs Селин Даниэль (Жаңа Зеландия)
  • 70 келі. Төрехан Сабырхан vs Макан Траоре (Франция)
  • 90 келі. Сағындық Тоғамбай vs Турабек Хабибулаев (Өзбекстан)

22:00

  • 51 келі. Алуа Балқыбекова vs И-ксуан Гуо (Тайпей)
  • 57 келі. Карина Ибрагимова vs Джулия Серемета (Польша)
  • 65 келі. Аида Әбікеева vs Бусеназ Сурменели (Түркия)
  • 80 келі. Гүлсая Ержан vs Есета Флинт (Австрия)

60 келі. Бибарыс Жексен vs Абдумалик Халоков (Өзбекстан)

65 келі. Ертуған Зейнулинов vs Асахуджа Муидинхуджаев (Өзбекстан)

+90 келі. Айбек Оралбай vs Лука Пратлажачич (Хорватия).