Ливерпульдегі әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан қарсыласын нокаутқа түсірді (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Отандасымыз Косово боксшысы Башким Байокуды сұлатып салды

Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыласын бірінші раундта нокаутқа жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Косово боксшысы Башким Байокуды сұлатып салып, турнирдің ширек финалына шықты.

Ал Нұрбек Оралбай Қытайдың атынан шыққан қандасымыз Тоқтарбек Таңатханды төрешілердің бірауыздан шешімімен ұтып, Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.