Елена Рыбакина US Open-2025 турнирінен шығып қалды

Автор: Дәулет Ботагөз

Ол үш сетке созылған матчта жеңіліп қалды

Фото: sports.kz

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина АҚШ-та өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің 1/8 финалында жарысты тоқтатты. Ол чехиялық Маркета Вондроушовадан ұтылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Матч қалай өтті?

Әлемдік рейтингте 10-шы орында тұрған Рыбакина 60-шы ракетка Вондроушовамен үш сетке созылған матчта жеңіліп қалды. Есеп – 4:6, 7:5, 2:6. Бұл жеңілістен кейін қазақстандық теннисші турнирдің ширек финалына өте алмады.

Бұған дейінгі жетістіктері

US Open тарихында Рыбакинаның ең үздік нәтижесі – үшінші айналым болатын. Биыл ол алғаш рет 1/8 финалға дейін жетті.

Оған дейінгі кезеңдерде Елена қарсыластарын сенімді жеңді:

  • америкалық Джульетта Пареха – 6:3, 6:0;
  • чехиялық Тереза Валентова – 6:3, 7:6;
  • британдық Эмма Радукану – 6:1, 6:2.